«Ел жүрегі - Нұр-Сұлтан» атты кітап көрмесі
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды.
1. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы Нұр-Сұлтан қаласы деп 2019 жылдың 23 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың жарлығымен өзгертілді. Қазақстан соңғы 30 жылда ғасырға бергісіз белестерді бағындырды. Бұл елдегі ішкі тұрақтылық пен тыныштықты ұйыстырып, елді басқара білген тұлғаның арқасы. Сондықтан елорданың атын «Нұр-Сұлтан» деп атауды қолдаймыз. Осыған орай арнаулы кітапхананың оқу залында тұрақты «Ел жүрегі - Нұр-Сұлтан» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге осы кезге дейіегі Қазақстанның жеткен жетістіктерін паш ететін әдебиеттер қойылып көрме жанында библиогрфиялық шолу жасалынды.