ҚР Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабына шолу.
Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабына шолу ұйымдастырылды.
Мақсаты: Әркімді ұлт есебінде өзін-өзі тануға, ұлтының тегін, тарихын, мінезі мен қасиетін саралауға үндейді. Қазақ, біз қандай ұлтпыз, «Мен» дегізерлік, мақтан етерлік қасиеттеріміз қандай, ел-жұртымыздың арғы-бергі тарихында ұрпақтар айта жүрер тарихи тұлғалар, руханият көсемдеріміз кімдер? Болашағымыз қандай, қайда барамыз, ел есебінде аңсаған- көксеген мұраттарымыз нендей? «Тарихтағы өз орныңды білу, бабаларыңды ру төмпешігінің деңгейінде емес, жалпы ұлттық өреде мақтан тұту, ұлан-байтақ Еуразия тарихында ұлы істерге ұйытқы болған қазақтар мен олардың бабаларының өзіндік орнын танып-түсіну және жас ұрпаққа насихаттау.
Кітапханашы П. Кошкарова: «Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын. Бейбіт тəсілдерге ғана жүгініп, шиеленіс пен кикілжіңнің ережелеріне мойынсұнғым келмейтіндігі де сондықтан» Əрбір қазақстандық осы бір қағиданы бұлжытпай орындауы Қазақстан мен оның халқының бұдан былай да өркендеп өсіп, дамуының маңызды кепілі болмақ.- деп қортындылады өз сөзінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев.