📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Қош келдің әз-Наурыз» атты мерекелік кеш

«Қош келдің әз-Наурыз» атты мерекелік кеш

18 наурыз күні  Қызылорда облыстық  зағип және нашар көретін азаматтарға арналған  арнаулы кітапханасында  «Қош келдің Әз- наурыз» атты  мерекелік  кеш   өткізілді. 

Мақсаты:. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесіндегі   қызықты ойындар, жастарымызға ұлттық салт- дәстүрімізді насихаттау. Ән айту, би билеу.

Оқу  залында « Наурыз- достық, Наурыз – күн » атты кітап   көрмесі ұйымдастырылды. 

Кешті  кітапханашы А. Нүрлиева жүргізіп, Наурыз – біздің ата- бабаларымыздан, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі деп құттықтау сөзін жеткізе отырып, халкымыздың салт-дәстүріне кеңінен тоқталды.

 Кеште тұрақты кітапхана  оқырмандары – З.Төлеген, Г. Абуова, А.Оралбай өз пікілерімен ой бөлісті.