📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Қобыз үні» атты ақпарат сағаты

«Қобыз үні» атты ақпарат сағаты

14 наурыз күні   Қызылорда облыстық  зағип және нашар көретін азаматтарға арналған   арнаулы кітапханасында  «Қобыз үні » атты ақпарат сағаты өткізілді. 

Мақсаты: Қазақ ұлт аспаптарын кеңінен насихаттау. Музыка арқылы жастарды, өнерлі болуға құлшындыру, ән-жырға деген сүйіспеншілігін арттыру, білік-дағдыларын дамыту. Әсем де сұлу көріністерді көргенде сазды музыканы тыңдағанда, еріксіз көңіл көтерілетінін айту. 

Оқу  залында «Киелі аспап - Қобыз» атты кең көлемді кітап  көрмесі ұйымдастырылды. 

Кешті  кітапханашы А. Бекенова ашып, - Қобыз аспабының құдіретті күшіне тоқтала келе, Қобыз аспабын  танытқан ұлы   күйші Қорқыт атаның да өмір жолына кең көлемде  мағлұмат берді.

 Кеште тұрақты кітапхана  оқырмандары – З.Төлеген, Г. Абуова, А.Оралбайұлы өз пікілерімен ой бөлісті. Кешті   кітапханашы  А. Нүрлиева жүргізіп отырды. Кеш соңы А. Нүрлиеваның орындауында   «Қобызым әнімен» қорытыланды.