«Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан» атты шара

Әр команда І-ІІ топ зағип азаматтардан құралып, барлығы 6 ойыншы қатысты. Әділ-қазылар алқасының шешімімен Қызылорда облысының «Ақмешіт» командасы сұрақтардың басым көпшілігіне дұрыс жауап беріп 10 - 2 есебімен жеңімпаз атанды. Жастардың ой-өрістерін кеңейтіп, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, патриоттық сезімін ояту, білімін шыңдау, кітапханаға оқырман тарту мақсатында жоспарлаған шара өз үдесінен шықты. Осы шараның арнайы қонағы республикалық арнаулы кітапхана директоры Байұзақов Асхат Хұсайынұлы ойынға қатысушыларды құттықтап, үрдісті жалғасытруға ықылас білдірді. Жеңімпаздар Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.