«Шебер қолдар» атты қолөнер шеберлерінің онлайн сайысы
Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, «Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мәдениетін» жаңғырту мақсатында және «Алғыс айту» мерекелеріне орай, мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында өткен «Шебер қолдар» атты қолөнер шеберлерінің онлайн сайысы өз мәресіне жетті. Сайысқа қатысушылардың қолдан жасаған бұйымдары арнайы құрылған комиссия мүшелерінің шешімімен іріктеліп, бас жүлдені Арал ауданының оқырманы, ІІ топ көз мүгедегі Шайхы Ислам Мағауияұлы иемденді. Жалағаш ауданының оқырманы І-топтағы көз мүгедегі Мылтықбай Құралай І-ші орынды, ІІ-ІІІ орындары Қызылорда қаласының оқырмандары ІІ-топ көз мүгедектері Бекжанова Айнұр және Тищенко Нэля Григорьевнаға бұйырды.
Сайысқа қатысушылар Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мәдени шараға қатысушылар Алғыс айту күніне орай, ризашылықтарын айтып, алғыстарын білдірді. Мерекелік кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.