» » «Мемлекеттік тіл - ел бірлігінің негізі» атты кітап көрмесі

«Мемлекеттік тіл - ел бірлігінің негізі» атты кітап көрмесі

18.02.2021 ж. күні Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында  «Мемлекеттік тіл - ел бірлігінің негізі» атты кітап көрмесі    ұйымдастырылды. 

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады» деген болатын. 

Мақсаты: Қазақстан халқының мемлекеттік тілінің дамуына ықпал ету және өзге ұлт өкілдерінің тілдеріне құрмет көрсету. Ана тілін жақсы біліп тұрып,  өзге тілді жетік білу – үлкен жетістік екенін білу. Кітапхана қорындағы тіл туралы кітаптарды насихаттау. 

Кітап көрмесіне кітапхана қорындағы Қазақстан халықтарының тарихы, «Қазақ тіл білімінің мәселелері», «Қазақ әдеби тілінің сөздігі», «Қазақша үйренейік», «Мемлекеттік қызметшілерге арналған оқу құралдар және тағы басқа кітаптар қойылып оқырмандарға таныстырылды.

Кітап көрмесін  кітапханашы З. Бисенова таныстырды.

18 ақпан 2021 ж.. 2 523
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам