» » «Жанары сөнседе, өнері сөнбеген» атты кітап көрмесі

«Жанары сөнседе, өнері сөнбеген» атты кітап көрмесі

«Брайль жүйесі  қазіргі  ақпараттық   қоғамда» бөліміне Француз   тифлопедогогы   Брайль Луйдің (04.01.1809-06.01.1852)  өмірі мен суреттері  қойылса, «Зағиптар әлемі» бөлімінде  арнаулы кітапхананың оқырмандарының қатысуымен өткен мәдени шаралардың   суреттері қойылды.  «Зағип жандардың өлеңдер жинағы» атты бөлімде   тағдырдың қиындығына қарамастан  өзін жаралы аққуға теңеген өмірін өлеңмен өрнектеген ақын қыз Ақкенже Маханбетованың, жоғары білімді Шалманова Гүлнұр Маратқызының аруларға арнаған жыр шумақтары және  І топ көз мүгедегі кітапханамыздың тұрақты оқырманы Серікбол Шайыховтың «Құрбыма», «Айдынға оралғайсың аққуым» атты жыр шумақтары,  әуесқой ақын оқырманымыз Бақтыбаев Кенжетайдың жүрек жарды жырларында елге, жерге, ата-анасына, алтын ұя мектебіне деген сағыныш сезімге толы жырлары енгізіліп «Жер бетінің жылуын жүрегіммен сеземін» атты шағын кітапша шығарылып көрмеге қойылды және келген оқырмандарға таныстырылып отыр. 


 
05 наурыз 2019 ж.. 1 062
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам