» » «Жастар терроризмге қарсы» атты ақпарат сағаты

«Жастар терроризмге қарсы» атты ақпарат сағаты

Арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен 16 ақпан күні «Жастар терроризмге қарсы» атты ақпарат сағаты болып өтті. 

Әлемдегі қазіргі діни ахуалдың ушығып күрделі әрі сан саналы болып  тұрғандығы бәрімізге мәлім. Осы ретте қоғамда, ең алдымен, жастар ортасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажеттілігі  туындап  отыр. Қазақ жастары үшін дәстүрлі дінімізден бас тартып, басқа дінді қабылдауы кері әсерін тигізетіні анық. Осыған  байланысты  жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды. 

Шараның  мақсаты -  жастарға қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға  көнбеуге және бейбітшілік пен мейірімділік, ізгіліктің маңызын  түсіндіре  отырып,   патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Шараға қатысушы  1 топ көз мүгедектері  Өміртай Әкімжан және Ақатаев Рақымжан   әлемге әйгілі болған лаңкестік оқиғалар туралы өз ойын  ортаға салып,  пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара Қазақ Соқырлар Қоғамы бірлестігінің белсенді жастарының қатысуымен болып өтті.

16 ақпан 2021 ж.. 594
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам