» » «Тарихы терең - Қызылорда» атты тарихи-таным сағаты

«Тарихы терең - Қызылорда» атты тарихи-таным сағаты

04.02.2021ж күні Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Балбұлақ» балалар клубының мүшелерінің қатысуымен «Тарихы терең - Қызылорда» атты тарихи-таным сағаты  ұйымдастырылды.  

  Тарихи-таным сағаты барысында  балаларға   Алты Алаштың анасы атанған Сыр елінің тарихы слайд арқылы таныстырылды.   Объектілерді таныстыру  кезінде тарихи мазмұнын кеңейтетiн материалдармен толықтырылып отырды. 

   Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қалалардың да адамдар сияқты, өз тағдыры болады» деген болатын. Қызылорда - Сыр өңірінің тарихында үлкен орын алатын, Қазақстан жерінде белгілі тарихы терең  қала болып табылады. Екінші мың жылдықтың кейінгі екі ғасырын өткеріп, жаңа мыңжылдықты өткеріп жатқан Қызылорданың тарихын қасиетті Сыр өңірінің тарихын бөле – жара айтуға болмайды.

  Елімізде болып жатқан оң өзгерістер көшінен қызылордалықтар да қалыспай келеді. Жылдан – жылға өңірдің әлеуметтік – экономикалық өмірінде іргелі өзгерістер көрініс табуда. Сыр бойының ежелгі қаласы еңсесін көтеріп, бойын тіктеді. Қаламызда зәулім үйлер мен саябақтар бой түзеп, тұрмысымыз бен тіршілігімізге сән кірді.

  Сәулеті мен дәулеті артып келе жатқан қаламыздың мұнан да артық, мұнан да кемелден түсуіне күмәніміз жоқ. Жасай бер, жанара бер, сыр елінің бас шаһары – Қызылорда. Шара барысында балалар түрлі сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісіп отырды. 

04 ақпан 2021 ж.. 695
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам