«Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог» атты таным сағаты
Арнаулы кітапхананың оқу залында ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог» атты таным сағаты өтті.
Шараға кітапхана оқырмандары мен мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдебиетіне жазба әдеби тілінің негізін қалаушы, ақын әрі жазушы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитін жасаушы. Шара барысында жаңашыл педагогтың өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылды. Ақынның шығармаларында өнер, еңбек, кәсіп, адамгершілік идея, тұрмыс-тіршілікке байланысты тақырыптар көтерілген. Ыбырай ең алдымен қазақ әдебиетіне жаңа идеямен тың тақырыптар әкелуімен белгілі жаңашыл жазушы.
Сонымен қатар «Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның кітаптары көрмеге қойылды.