«Айбыны асқақ, тұғыры биік, Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі
02.02.2021жылы Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Айбыны асқақ, тұғыры биік, Тәуелсіз Қазақстан» атты кең көлемде, әсем көркемделген кітап көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге кітапхана оқырмандары мен Қорқыт Ата университетінің студенттері қатынасты.
Кітап көрмесінің мақсаты: Тәуелсіздік жолындағы ата бабамыздың ерлігін жастарға үлгі ету, Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі қалыптасу тарихына шолу жасау, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан құру жолында жасаған ерен еңбектері мен толағай істерін көпшілікке таныту, тәуелсіздігімізді паш ету.
Көрмеге Қазақстан тарихынан бастап, егеменді еліміздің дамуы мен қалыптасуын айқындайтын кітап қорындағы туындылар және ата бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерен ерліктері туралы шығармалар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ғибратты ғұмыры, елмен етене араласқан өмірі, еліміздің егемендікке жету жолы, мемлекет құру экономикасы қуатты, саясаты тұрақты, ынтымақшыл ел жасау жолындағы қасиетті тарихымыз туралы әдебиеттер қойылды. Кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрады.1. Тәуелсіздік жолында. 2.Тәуелсіздік толғауы. 3. Тәуелсіз Қазақстан және Тұңғыш Президент. 4.Ел жүрегі Нұр-Сұлтан