«Ана – гүл, ана – жыр, ана - өмір шуағы» атты мерекелік шара
Кітапхананың оқу залында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – гүл, ана – жыр, ана - өмір шуағы» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты : анаға деген сүйіспеншілігін нығайту, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жастарды ана еңбегін ардақтауға, мейірімділікке, сый - құрметке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Мерекелік шараны кітапхана директоры Н.Жеңісбекұлы ашып қатысушы аналарды меркелерімен құттықтап жылы лебіздерін білдірді. Кеште аналардың құрметіне арналып әннен шашу шашылды. Аналарға арнайы дайындалған сыйлықтар тарту етілді.
Ақ жаулықты аналарымыз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.