» » «Алғыс айту парызым» атты мерекелік кеш

«Алғыс айту парызым» атты мерекелік кеш

     

      1 наурыз 2019 жылы Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының оқу залында Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту парызым» атты мерекелік кеш болып өтті. Кешті кітапхана директоры Н.Бақтияров пен ҚСҚ Қызылорда одлыстық филиалының төрағасы А.Қолдабеков ашып берді. Қазақстанда 1наурыз Алғыс айту күні болып жарияланды.

Алғыс айту күні - ұлы ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Шара барысында оқырмандарымыздың ішінде асыраушысы жоқ және жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

01 наурыз 2019 ж.. 1 090
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам