📍 Қызылорда обл., Қызылорда қ., Жургенова к-сі, 64а ☎️ +7 (7242) 23‒37‒08 ✉️ bnsg_kizilorda@vmail.kz
Q&A
» » «Сырды жырлаған сырлы ақын» атты әдеби-сазды кеш

«Сырды жырлаған сырлы ақын» атты әдеби-сазды кеш



22 ақпан күні ақын драматур Қазақстанның халық жазушысы  Әбділда Тәжібаевтың 110  жылдығына орай  арнаулы кітапхананың  оқу залында  «Сырды жырлаған сырлы ақын»  атты әдеби-сазды кеш  өтті.

Мақсаты:  Әбділда Тәжібаевтың жерді құрметтеу, халқына, ана тіліне, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында жазылған өлеңдері арқылы оқырмандарды ұлттық намыс, жігерлікке тәрбиелеу. Біздің мақсатымыз - осындай тәрбиелік мәні зор өлеңдерді жастарымызға таныстырып, ұрпағымызды ұлттық  рухта  тәрбиелеу.

Әдеби-сазды кешке №7  мектеп интернаттың  оқушылары және  кітапханамыздың оқырмандары  І-ІІ топтағы көз мүгедектері белсене  қатысты.

Мәдени шараны әдіскер Бекенова Айна ашып берді. Кітапханашы Макосова  Әбділда  атамыздың шығармашылығына шолу жасап, № 7 арнайы түзету мектеп интернатының оқушылары Қалдыбаева Ақбота, Мақпал Бүркітбаева,  Жұматай Жангелді  Тәжібаевтың өлеңдерін мәнерлеп  оқыды. Ақынның  сөзіне жазылған  «Сырдария», «Құлыншағым» әндерін кітапханашы Нүрлиева  және І топ көз мүгедегі оқырманымыз Байоразова орындады.  

Сыр бойының аяулы азаматы, әдебиет танушы, филолог, зерттеуші, профессор, ақын Әбділда Тәжібаев өзінің артына өшпестей етіп, үлкен мұра қалдырды.