📍 Қызылорда обл., Қызылорда қ., Жургенова к-сі, 64а ☎️ +7 (7242) 23‒37‒08 ✉️ bnsg_kizilorda@vmail.kz
Q&A
» » «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты кітап көрмесі

«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты кітап көрмесі



Тарих бұралаңдарында талай сынға түскен, бірақ елдік қалпын сақтап қалған халқымыздың үстіміздегі, ХХ ғасырдағы ең үлкен қуанышы   -  мемлекеттік тәуелсіздігіміздің жариялануы. Соған орай, шынайы дербестік нышандары болып табылатын жаңа Туымыз, Елтаңбамыз және  Әнұранымыздың  қабылдануы жаңа өмір жылнамасына  жарқын әріптермен жазылар оқиғаға айналғанын жақсы білеміз. Ал ұлттық зердемізге, ой – санамызға бойтұмар болар бұл іспетті қасиетті рәміздердің  болмыс – бітімін, мән мағынасын  жақсы білу баршамыздың, әсіресе өскелең ұрпақтың парызы екенін ескере отырып арнаулы  кітапхананың оқу залында 11 ақпан күні «Мемлекеттік рәміздер – ұлт  мақтанышы» атты  тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде рәміздерімізді тереңінен тарихын паш ететін әдебиеттер жинақталып, оқырмандарға кітап көрмесі алдында библиографиялық шолу жасалынды.