📍 Қызылорда обл., Қызылорда қ., Жургенова к-сі, 64а ☎️ +7 (7242) 23‒37‒08 ✉️ bnsg_kizilorda@vmail.kz
Q&A
» » «Аққудың қанатына жазылған жыр» атты әдеби-сазды кеш

«Аққудың қанатына жазылған жыр» атты әдеби-сазды кеш

        8 ақпан 2019 жылы Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Аққудың қанатына жазылған жыр» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешті кітапханашы А.Бекенова ашып ақын Мұқағали   Мақатаевтың өмірі мен қызметіне тоқталып өтті. Мұқағали Мақатаев – өзгеше әсемдік сезімі мен дарынды қабілетке ие нәзік жанды лирик. М.Мақатаев поэзиясының негізігі көңіл-күйі - жан-дүние сілкінісінің көңіл-күйі, туған өлке табиғатына, махаббатқа, өнерге, естелікке, армандарға деген құмарлық-оның жырларының басты эмоцияианалдық мазмұны. Кеште №6 С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің студенттері ақынның өлеңдерін оқыды.

    Кітапханашы Қ.Макосова М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесімен қонақтарды таныстырды. Кеш өз деңгейінде өтті.