«Болашаққа үміт – жастарға сенім» атты семинар-тренинг
30.01.2019 жылы Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының және Peace Data ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен 2019 жыл жастар жылы болып жариялануына байланысты «Болашаққа үміт – жастарға сенім» атты семинар-тренинг кітапхананың оқу залында болып өтті. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады. Олай болса бүгінгі өтіп отырған шара жастарды қолдаудың жалғасы іспеттес. Шара барысында Ұлы Даламыздың жеті қырын паш ететін сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытқан оқырмандар Алғыс хаттармен марапатталды. Жастардың әлеуметтенуіне бағытталған бағдарлама аясында өткен мәдени шара жоғарғы деңгейде өтті. Аталған шара жалғасын таба бермек.