📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Алғыс айту – адамзаттың асыл қасиеті» атты мерекелік шара

«Алғыс айту – адамзаттың асыл қасиеті» атты мерекелік шара


02.03.2020 ж. Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана және Қазақ соқырлар қоғамы клубы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – адамзаттың асыл қасиеті» атты мерекелік шара болып өтті. Шараны Қазақ соқырлар қоғамының облыстық басқарма төрағасы Ж.Тілегенов ашып құттықтау сөз сөйледі.

Мақсаты: Өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет, отансүйгіштік  деген асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өсуіне тәрбиелеу. Қазақстанда этникааралық келісім мен ұлтаралық қарым – қатынасты нығайту. Мерекелік шара соңында   Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің музыка факультетінің студенттері мен қоғам мүшелері  әннен шашу шашты.