«Сиқырлы әріптер сыры» атты ақпарат сағаты
4 қаңтар 2019 жылы Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен ҚСҚ – ның клубында Француз тифлопедагогы Луй Брайльдің туған күніне орай «Сиқырлы әріптер сыры» атты ақпарат сағаты өткізілді. Кітапханашы З.Бисенова көз мүгедектерінің күні бүгінге дейін қолданып келе жатқан Брайль алфавитінің шығу тарихымен және алфавит авторы Луй Брайльдің өмірі мен қызметіне тоқталып өтті. Қазіргі кезде адамзат өмірінің барлық саласынан мәлімет беру үшін қолданып жүрген Брайль қарпі ғалымдармен қатар, қарапайым адамдарға да қол жетімді. Заманауи электронды құрал – жабдық кез келген хатты Брайль қарпіне алмастыра алады, бірақ бұл қаріптің алғашқы үлгісі әлі де болса маңызын жоғалтқан емес. І топ көз мүгедегі Ж.Тәжібаев брайль қарпін өздігімен игерген оқырман қазіргі уақытта кітап қорындағы брайль қарпімен жазылған кітаптарды үзбей оқитындығын және алдағы уақытта да осындай шаралар жиі ұйымдастырылып отырса нұр үстіне нұр болар еді деп өз ойын түйіндеді.