» » «Айбары асқақ Ата Заң» атты кітап көрмесі

«Айбары асқақ Ата Заң» атты кітап көрмесі




Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп - өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жылдығына орай арнаулы кітапхананың оқу залында «Айбары асқақ Ата Заң» атты кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге  кітаптар мен суреттер, Конституциямен Ата заңға байланысты мақалалар қойылды.

Мақсаты: Оқырмандарға  Ата Заңның бағасын білу, оқушыларды еліміздің басты  құжатын құрметтеуге үйрету.Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу. 

Ата Заң тәуелсіздігіміз  бен тұтастығымыздың кепілі ретінде  біздің бірлігімізді  бекемдеп, елдегі тұрақтылық  пен  татулықтың берік тұтқасы болды. Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы ал біздер мен сіздер Қазақстан мемлекетінің мүшесі бола отырып, осы елдің азаматы мен азаматшалары болғандықтан елін, жерін қастерлеуге шақырды. «Болашақ - жастардың қолында» дегендей әрбір азамат өз міндеттеріміз бен құқықтарымызды біліп, оны дұрыс орындап, бірлік пен ынтымақта жұмыс жасасақ біз біртұтас  тату -тәтті ел боламыз – деп кітапханашы Қ.Макосова келген оқырмандарды кітап көрмесімен таныстырып отырды. Ұсынылған әдебиеттер оқырмандардың көңілінен шығып, сұранысын қанағаттандырды.

14 ақпан 2020 ж.. 1 929
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам