«Үш жүздің басын қосқан Ұлытау» атты кітап көрмесі
2020 жылдың 13 ақпан күн кітапхананың оқу залында Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Үш жүздің басын қосқан Ұлытау» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Алтын Орда Жошы ұлысының орнына құрылған мемлекеттердің бірі. Жошы ханның баласы Батый (Бату) ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет болды. Жошы хан (1180-1227 ж.ж.) негізін қалаған, Алтайдан Альпіге, Ертістен Дунайға дейінгі алқапта билік еткен. Дешті-Қыпшақ даласында шаңырақ көтерген алып мемлекет әдепкіде Ұлық ұлыс деп аталды. Кейін бұл атау орыс, славян, батыс жылнамаларында хан ордасының алтынмен көмкерілген орталық киіз үйіне қарай Алтын орда аталып кетті.Тамырлы тарихымыздың бедерлі кезеңін қамтитын Ұлық ұлыс Қазақ хандығының бастауы саналады. Оның бай тарихы қазақ даласымен және халқымыздың негізін құраған ру-тайпалармен тығыз байланысты. Қазақтың тарихын терең білгісі келген оқырман осы көрмеден көп деректерге қанық болары хақ.
Ұлық ұлыс- айбынды Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына орай ұйымдастырылған кітап көрмесімен кітапханашы Р.Жақыпова таныстырды.