Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылау
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқыланды.
2020 жылдың 15 қаңтар күні Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан кітап оқырмандары мен кітапхана қызметкерлер арасында талдау жасалып, дауыстап оқу өткізілді.
Мақсаты: Ұлы Абайдың рухына тағзым етіп, оның мол мұрасын дәріптеу. Абайдың әдеби мұрасының интеллектуалды ұлт қалыптастыру, мемлекеттігімізді нығайту, ақын ілімінің XXI ғасырдағы Қазақстан үшін маңызы мен мәні туралы пікірлерді жан-жақты нақтылап, алдымыздығы атқарылатын ауқымды жұмыстарды абыроймен атқару.
Шараны облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана директоры Ерқазы Жарылқасынұлы Алданазаров ашып: Абай мұрасы қазір де аса өзекті, бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр. Ғұламаларымыздың парасатты пайымдары мен орамды ойларын оқырман қауымға насихаттауға бағытталаған жұмыстар жөнінде айтты. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойының жоғары деңгейде атап өтуде атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.
Қазақ соқырлар қоғамы өндірістік кәсіпорын директоры А. Қолдабеков: Мемлекет басшысының мақаласы туралы ойын ортаға салып, Абайдың мерейтойына орай кең көлемде іс -шаралар өткізуге қолдау көрсететігін білдірді.
Шара барысында кітапханашы А.Нүрлиева Абай өлеңдерінен және шығарамаларын үзінділер оқып берді. Кітапхана қызметкелері Р.Жақыпова, З.Бисеновалар Абайдың шығармаларын насихаттудағы өскелең ұрпақ пен ел болашағы жастарға тигізетін пайдасы жайында ойларын өрбітті.
Кітапханашы П. Кошкарова: Ұлы ақын шығармалары бүгінге дейін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың ой тұжырымдары мен мұрасын барша оқырмандарға насихаттау жолында жұмыс атқаратындығын білдірді.