» » «Мәңгілік елімнің бесігін тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік шара

«Мәңгілік елімнің бесігін тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік шара


16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай  Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік елімнің бесігін тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік шара болып өтті. 

Мерекелік шараның мақсаты: Жастарды Отанды сүюге, елімізді қорғауға, Қазақстанымыздың бүгінгі Тәуелсіздікке  қалай қол жеткенін зерделеу, ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау.

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шараны кітапхана басшысы Алданазаров Ерқазы Жарылқасынұлы ашып берді.

Мерекелік шарамызға композитор  Рамазан Сағындықұлы Тайманов пен желтоқсан көтерілісіне қатысқан Аманбай Дүйсенбайұлы Канетов ағаларымыз қатысты. Шара барысында  С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің студенттері мен №8 мектеп-интернат оқушылары, кітап оқырмандары  қонақтардан ойларында жүрген сауалдарына тартымды жауаптарын алды.

 Қазақ Соқырлар Қоғамы Оқу-өндірістік кәсіпорын директоры                  А.Қолдабеков, Коғамдық бірлестік төрағасы Ж.Тілегенов және  кітапханамыздың тұрақты оқырманы Дәрібаева Нәписа  сөз кезегін алып Тәуелсіздік туралы пікірлерін ортаға салды.

Кеш барысында шақырылған қонақтар мен оқырмандарға «Еліміздің еркіндігі-Тәуелсіздік» атты  кітап көрмесімен кітапханашы З.Бисенова таныстырып өтті.

Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

12 желтоқсан 2019 ж.. 783
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам