» » «Жеті атасын білген ұл – жеті жұрттың қамын жер» атты облыстық жас отбасылар байқауы

«Жеті атасын білген ұл – жеті жұрттың қамын жер» атты облыстық жас отбасылар байқауы

2019 жылы 25 қарашада   Қызылорда облысының Рухани жаңғыру орталығы және Жастар ресурстық орталығы КММ-сі «Жеті атасын білген ұл – жеті жұрттың қамын жер» тақырыбында облыстық жас отбасылар байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: Мемлекеттік отбасы саясатының миссиясын іске асыру мақсатында өңірімізге дәстүрлі отбасылық құндылықтарды жандандыру арқылы отбасы институтын нығайту, отбасының қоғам өміріндегі, өзін-өзі дамытудағы рөлін арттыру.

Байқауға Облыстық  зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана қызметкері Абубакиров Олжас (бағдарламашы ) жұбайы Аманбекова Айнур (мұғалім) қатысып, жеті атасының өнегелі тәлім тәрбиелік қағидаттары, тағылымы, тәжірибесі жайлы айтып өтіп (видео/слайд/көркемсөз) "Әулеттің тағылымды тәрбие" атты кітап және фото көрмесін үйымдастырып, безендіріп  таныстырып өтті. Аталған дәстүрдің отбасылық құндылықтарын сақтап, отбасының замануи қоғам өміріндегі рөлін арттырудағы ықпалын дәлелдеп III орын иелері атанды.

25 қараша 2019 ж.. 1 044
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам