«Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз» атты дөңгелек үстел
2019 жылдың 22 қарашасы күні Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында «Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз» атты дөңгелек үстел өтті.
Кеш мақсаты: Діни экстремизм – қоғамда қалыптасқан діни құндылықтар мен ұстанымдарды мойындамау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдарын насихаттау.
Шараға аясында кітапханашы П. Қошкарова «Біз терроризм мен экстремизмге қарсымыз» тақырыбындағы мақалаларға шолу жасады. Дөңгелек үстелге Тасбөгет кенті «Құддыс ишан» мешітінің қызметкері Мұханбетғали Түлкібаев, Қызылорда облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Абдукаримов Шамдәулет Нұрдәулетұлы арнайы шақырылып, дін, экстремизм мен терроризмнің зиянды әрекеттеріне тоқталып, жастармен өз ой пікірлерін бөлісті. Іс-шараға Абылайхан, С.Ысқақов атындағы колледждерінің 1, 2 курс студенттері мен Қорқыт атындағы университетінің жаратылыстану факультетінің 3 курс студенттері және І-ІІ топ көз мүгедектері (оқырмандар) қатысты. Шара барысында «Терроризм – қоғам алдындағы қатер» атты видеоролик көрсетілді.