«Жаңа Конституция-бірлік пен тұрақтылықтың берік негізі» ақпарат сағаты.

Бүгін, Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана филиалының ұйымдастыруымен «Жаңа Конституция-бірлік пен тұрақтылықтың берік негізі» атты ақпарат сағаты өтті.
Елімізде республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция ресми түрде күшіне енді. Бұл – жекелеген баптардың өзгеруі ғана емес, мемлекеттік билік жүйесінің жаңаша ұйымдастырылуы, құқықтық құндылықтардың қайта айқындалуы және ұлттық мемлекеттіліктің жаңа кезеңге аяқ басуы.
Ақпарат сағаты Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, жеке-жеке баптарға тоқталып, түсіндірілді.
Кітапхана оқырмандары Көлбаев Құрманғазы, Кенжебеков Ғалымжан, Сейітмаханова Ақерке, әрбір азамат Конституцияны құрметтеп, заң талаптарын сақтауға міндетті екенін айтып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
