«Парақорлықпен және сыбайлас жемқорлықпен күрес» құқықтық ақпарат.

Бүгін арнаулы кітапханада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында «Парақорлықпен және сыбайлас жемқорлықпен күрес» атты құқықтық ақпарат болып өтті. Сыбайлас жемқорлық – бұл тек заң бұзушылық қана емес, ол адамның ар – ожданына, әділеттілікке қарсы жасалған қадам. Парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың салдары ауыр. Елімізде жемқорлықпен күрес өте қатаң жүргізіліп келеді. Қатысушы оқырмандарға сыбайлас жемқорлық туралы мағлұматтар берілді. Оқырман А. Сейтмаханова қоғамдағы әр азамат өзінің рөлін түсініп, пара беру мен алуды қалыпты нәрсе деп санамайтын болса, бұл кеселдің алдын алуға болады және онымен күресу – әрбіріміздің парызымыз деп өз ойын айтты.
