«Дін – рухани тәрбие бастауы» ақпарат сағаты.

Бүгін, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханансының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана филиалының ұйымдастыруымен «Дін – рухани тәрбие бастауы» тақырыбында ақпарат сағаты өтті. Шараның мақсаты оқырмандардың діни сауаттылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, жастардың бойында ізгілік, мейірімділік, жауапкершілік пен патриоттық сезімдерді қалыптастыру. Ақпарат сағаты барысында діннің қоғамдағы орны, оның адам тәрбиесіндегі маңызы, дәстүрлі рухани құндылықтар және діни сауаттылықтың қажеттілігі туралы кеңінен әңгіме өрбіді. Сонымен қатар зайырлы мемлекет қағидаттары, заң талаптарын сақтау және ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алу қажеттігі түсіндірілді.
