«Қазақ операсының шоқжұлдызы» сазды кеш.
Бүгін арнаулы кітапханада қазақтың көрнекті опера әншісі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ операсының шоқжұлдызы» атты сазды кеш болып өтті. Ермек Серкебаев – қазақ өнерінің алтын қорына енген бірегей тұлға. Оның шығармашылық мұрасы ұлттық мәдениеттің баға жетпес қазынасы. Репертуарында қазақтың халық әндері, орыс және шет ел компазиторларының шығармалары бар. Шара барысында оқырмандарға ұлы өнер қайраткерінің өмір жолы, шығармашылық мұрасы, қазақ опера өнерінің дамуына қосқан үлесі туралы мәліметтер беріліп, ведеонұсқада әндері мен естеліктері тыңдалды.
