Жасай бер, жайна – «Астанам» мерекелік шара.

Қалалар да адамдар секілді өз тағдыры, өз тарихы бар. Бүгінде Астана – Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның саяси, экономикалық және мәдени орталықтарының бірі ретінде мойындалған. 6 шілде – осы тарихи жолдың бастау алған күні ретінде ерекше аталып өтеді. Астана күнін атап өту мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана филиалы мен Қазақ зағиптар қоғамы клуб қызметкерлерімен бірлесіп, Елорда күніне орай Жасай бер, жайна – «Астанам» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Еліміздің бас қаласы - Астананың тарихын тереңінен тану, қаланың даму бағыттарымен танысу, отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру. Еліміздің бас қаласы туралы ақындардың өлеңдері оқылып, әсем әндер орындалды.
