«Домбыра - қазақтың киесі, қасиетті қазынасы» әуенді кеш.

Бүгін, Зағиптар қоғамы клубында арнаулы кітапхана және клуб қызметкерлерінің бірлесіп ұйымдастыруымен 1 шілде – Ұлтық домбыра күніне орай «Домбыра - қазақтың киесі, қасиетті қазынасы» атты әуенді кеш болып өтті. Бұл шара әрине қасиетті домбыраға деген асқан құрмет пен сүйіспеншіліктің белгісі. Шара барысында қазақтың қасиетті домбырасы туралы түрлі аңыздар айтылып, әндер орындалды. Әуенді кеш концерттік бағдарламаға ұласты. Арсланбек Сұлтанбектің «Домбыра” әнін Ержан Берістенбаев, Қ.Сариннің сөзіне жазылған А.Дүйсеновтің “Туған жер” атты әнін Сезім Нұрланқызы, Несіпбек Айтұлының “Ән - домбыра” әнін Әзімхан Төлегенов, Назгүл Сарыбаеваның сөзіне жазылған Айгүл Бажанованың «Өмір сұлу» әнін Тоқжан Өтегенов орындап кештің әсерлі өтуіне атсалысты.
