«Алтай балладасы» кітабына талдау.

Бүгін, арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен «Бір айда – бір кітап» жобасы аясында Асқар Алтайдың «Алтай балладасы» кітабына талдау болып өтті. Асқар Алтай бұл күнде алты Алашқа аты мәшһүр жазушы. Оның қаламынан туған шығармалар сүлейі – Алтай топырағынан нәр тартқан бірегей балладалар әлемі... Алтай балладалары! Жазушы әлемінің кейіпкерлері адуынды, ер мінезді, мәрт азаматтар болып келеді. Кітапханашы А. Нұрлиева жазушының өмірбаяны мен шығармаларының бірі «Алтай балладасы» кітабына тоқталып өтті. Қатысушы оқырмандар Ж. Тілегенов пен С. Қайыпназаров кітаптың кейіпкерлерінің ерлігі мен табиғатын суреттегені ерекше әсер еткенін айтты. Асқар Алтай Алаш сыйлығының иегері, Алтайдың даңқты перзенттерінің бірі.
