«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және оның қазіргі жағдайлары» дауыстап оқу.

Бүгін, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана филиалының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және оның қазіргі жағдайлары» тақырыбында дауыстап оқу болып өтті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және оның қазіргі жағдайлары» тақырыбы мемлекеттің «Заң және тәртіп» қағидатын іске асырудағы маңызды бағыт болып табылады. Ол сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәдениетін қалыптастыруға, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланудың алдын алуға және құқықтық сауаттылықты арттыруға негізделеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың нәтижесінде қоғамда бірлік, әдеп, игі адами қарым-қатынас пен ұйымшылдық сақталу қажеттігі жөнінде оқырмандарға кеңінен мағұлматтар берілді.
