«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың 90 жылдығына орай «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» дауыстап оқу
Бүгін арнаулы кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың 90 жылдығына орай «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты дауыстап оқу болып өтті. Қабдеш Жұмаділов – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Халық жазушысы. Ол өз шығармаларында қазақ халқының тағдыры, тарихи кезеңдер мен тәуелсіздік жолындағы күресті шынайы әрі көркем тілмен бейнеледі. Жазушының еңбектері бірнеше тілге аударылып, халықаралық деңгейде де танымал болды. Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығы – ұлт тарихын, рухани құндылықтарын дәріптейтін баға жетпес мұра. Шараға қатысушылар Қ. Жұмаділовтің тарихи романдарының көркемдік табиғаты мен ұлттық жадымен байланысы жан-жақты талқылады. Қабдеш Жұмаділов мұрасы қазақ әдебиетінің ғана емес, тұтас ұлттың тарихи жадын жаңғыртқан рухани қазына екенін жеткізді. Жазушының шұрайлы тілі, шарболат рухқа шомылған шығармалары елдік сана, ұлттық намыс және тарихи әділет ұғымдарын ұрпақ санасына сіңіре бермек
