📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Жалаңтөс баһадүр – Тұран өркениетінің ұлы перзенті» тарихи-танымдық кеш. /Батыр Жалаңтөс Сейітқұлұлының туғанына 450 ж./

«Жалаңтөс баһадүр – Тұран өркениетінің ұлы перзенті» тарихи-танымдық кеш. /Батыр Жалаңтөс Сейітқұлұлының туғанына 450 ж./

Бүгін, Қазақ хандығының біртұтастығы жолында күрескен мемлекет қайраткері, әрі даңқты қолбасшы Жалаңтөс Сейітқұлұлының туғанына 450 жыл толуына орай, Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана филиалының ұйымдастыруымен «Жалаңтөс баһадүр-Тұран өркениетінің  ұлы перзенті» атты тарихи танымдық кеші өтті.

Оқырмандар қазақ тарихындағы көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлының өмірі мен ерлік жолы туралы мәліметтермен танысты. Батырдың ел бірлігі мен жер тұтастығын сақтаудағы ерен еңбегі, Орбұлақ шайқасындағы ерлігі, сондай-ақ ғылым мен білімді қолдап, Самарқандағы сәулет өнерінің жауһарлары – Шердор мен Тіллә-Қари медреселерінің салынуына қосқан үлесі насихатталды.
           Жалаңтөс баһадүрдің өнегелі ғұмыры – елдік пен ерліктің мәңгілік үлгісі.