«Драма жанрының дарыны» ақпарат сағаты. Жазушы Сұлтанәлі Балғабаев 80 жаста.
Бүгін, Әбділда Тәжібаев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана филиалының ұйымдастыруымен қазақ әдебиеті мен драматургиясының көрнекті өкілі, жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың 80 жылдық мерейтойына орай «Драма жанрының дарыны» атты ақпарат сағаты болып өтті.
Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері.
Сұлтанәлі Балғабаев шығармашылық жолын ақын ретінде бастап, кейін проза мен драматургия саласында өнімді еңбек етті. Оның «Алтын сағым», «Құм мен қызғалдақ», «Шөл», «Дала мен дария», «Қазақтың қызыл кітабы» сияқты шығармалары оқырман қауымға кеңінен танымал болды. Ол – қазақ драматургиясының дамуына зор үлес қосқан қаламгер. Оның шығармалары ұлттық болмысты, адам тағдырын, қоғам мәселелерін терең бейнелеуімен құнды.
Жазушының мол мұрасы келешек ұрпаққа рухани азық болып қала береді.