📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Теріс ағым – теріс жол» бейнеслайд.

«Теріс ағым – теріс жол» бейнеслайд.

Бүгін, Әбділда Тәжібаев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана филиалының ұйымдастыруымен зағип оқырмандарға «Теріс ағым – теріс жол» атты аудионұсқада бейнеслайд көрсетілді. Шараның мақсаты: адамгершілік құндылықтарды зерделей отырып теріс ағымдарға бағытталған көзқарастардан бас тартуға, өзіндік дұрыс бағдарын таңдауға ықпал жасау және діни ағымдардан аулақ болуға шақыру. Қатысушы оқырмандар Ғ. Кенжебеков, Қ. Кулбаев өз ойларын айта отырып, әрбір ұрпақ өзінен кейінгі ұрпаққа ізетті, игілігі мол жақсы өмір жолын тастап кетуі ләзім екенін есімізде ұстайық деп тарқасты.