«Жанарсызда жарық әлем» атты әдеби-әуенді шара
13 қараша «Халықаралық көз мүгедектері» күніне орай, 2019 жылдың 8 қарашасы күні Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы Шиелі ауданында орталықтандырылған кітапханасымен бірлесе отырып «Жанарсызда жарық әлем» атты әдеби-әуенді шара ұйымдастырды.
Шара мақсаты: Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандардың шығармашылығын насихаттау. Шиелі ауданындағы зағип және нашар көретін кітап оқырмандарымен бірлесе отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік беру, көзі көрмесе де асыл сөздің мәнін білетін жандарға осындай шараларды ұйымдастыру арқылы қуаныш сыйлау. Шығармашылығын дамыту, оқу-жазуға деген қызығушылығын арттыру, оқуды жетілдіру және ақыл-ой біліктілігін толықтыру, оқырмандар санының деңгейін жоғарылату.
Бүгінгі күні аудандық Соқырлар қоғамында 93 мүшелері тіркелген. Аталаған шараға ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткерлері, аудан ардагерлері, аудандық қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мектеп оқушылары қатысты. Шара аясында «Жанары сөнседе өнері сөнбеген» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға таныстырылды. Шара барысында «Брайль жүйесі қазіргі ақпараттық қоғамда» атты тифлотехникалық құралдар көрмелері ұйымдастырылып (Оқу машинасы «Сара», « Оникс» ұлғайтқыш құралы, тифломагнитафон, өздігінен брайль карпін үйрететін құрылғы, жазу машинасы) жұмыс жасау тәсілдерімен таныстырылды. Оқырмандардың сұраныстары орай, облыстық арнаулы кітапханасының дыбыс жазу студиясынан дайындалаған белгілі ақын жазушылардың кітабы бойынша көшірілген дискілі кітаптар оқырмандар назарына ұсынылды.