«Таза табиғат – бақытты болашақ» эко сабақ.


5 маусым – Экологтар күні, әрі Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Бұл мейрам БҰҰ бастамасымен ресми түрде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні болып белгіленген. Мақсаты қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Әбділда Тәжібаев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Таза табиғат – бақытты болашақ» атты эко сабақ болып өтті. Шара барысында тақырып аясында тың мағлұматтар берілді. Оқырмандар тарапынан туындаған сұрақтарға кітапханашы А.Нүрлиева жауап берді.
