📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» тәрбие сағаты.

«Ел рәміздері – еркіндік нышаны» тәрбие сағаты.

Бүгін, Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана филиалының Шиелі ауданындағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Сыр ұланы» тынығу лагерінде «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» атты тәрбие сағаты өткізілді. Шараның мақсаты – жас ұрпаққа мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызын таныстыру, оларды құрметтеуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы мен мағынасы туралы мағлұмат алды. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздердің авторлары жөнінде ақпарат беріліп, танымдық сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Тәрбие сағаты барысында оқырмандар өз білімдерін ортаға салып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеудің маңыздылығы туралы пікірлерімен бөлісті. Шара жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, ел тарихы мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырды. Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің тұмары, елдігіміздің айғағы. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы.