📍 Қызылорда обл., Қызылорда қ., Жургенова к-сі, 64а ☎️ +7 (7242) 23‒37‒08 ✉️ bnsg_kizilorda@vmail.kz
Q&A
» » «Әлемнің жарығы балалар» атты командалық жарыс.

«Әлемнің жарығы балалар» атты командалық жарыс.


Бүгін, Әбділда Тәжібаев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Әлемнің жарығы балалар» атты командалық жарыс болып өтті.  Сайыс еліміздің Әнұранын орындаумен басталды. Сайыс төрт кезеңнен тұрды: Қаппен секіру, доппен жүгіру,  скакалкамен секіру, арқан тарту. Төрешілердің ұйғарымымен І орынды «Сұңқар», ІІ орынды «Жігер», ІІІ орынды «Достық» командасы иеленді.Топты жарып жеңіске жеткен командаларға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Шара соңында балаларға тәттілер таратылды.