«Мәңгілік мұң – шерлі шемен» кездесу кеші.

Бүгін, Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 31 мамыр Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Мәңгілік мұң – шерлі шемен» атты кездесу кеші болып өтті.
Кешке қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жүрекке мұң ұялатып, ойға тереңдік сыйлайтын қаламгер Сағат Жүсіповпен кездесу.
Сағат Жүсіпов — қазақ әдебиетінде өзіндік үні бар қаламгер. Оның шығармаларында туған жер, адам тағдыры, заман шындығы мен ұлттық рух кеңінен көрініс табады. Жазушының көптеген әңгіме, повестері оқырман жүрегінен орын алған. Соның ішінде «Ашаршылық ақиқаты» атты екі томдық жинағына тоқталып, бұл еңбекті қазақ ашаршылығы жайлы естеліктер мен әңгімелердің, ашылған мұрағаттардан алынған кейбір деректермен бейне көріністердің негізінде жинақ жасаған қарапайым өлкетанушы, саясаткер.
