«Біздің таңдауымыз жемқорлықсыз болашақ» ақпарат сағаты.
Бүгін ҚСҚ мекемесінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында «Біздің таңдауымыз жемқорлықсыз болашақ» атты ақпарат сағаты болып өтті. Қатысушы оқырмандарға Заңға бағыну – бұл тек қорқыныштан емес, азаматтық сана мен мәдениеттің көрінісі. Тәртіп – күнделікті өмірдің барлық саласында қажеттілігі туралы ақпараттар берілді. Тәртіп – қауіпсіз өмірдің басты шарты. Заң мен тәртіп – тек мемлекеттік құрылымның емес, рухани өмірдің де өзегі. Адам өзіне де, өзгеге де әділ болған кезде ғана қоғамда шынайы бірлік пен татулық болады,- деп тарқасты шараға қатысушылар.
