«Ана – тіршілік тірегі» аналармен кездесу. /10 мамыр Аналар күні/
Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мереке. Мамыр айының екінші жексенбісі Қазақстанда Аналар күні атап өтіледі. 2024 жылы бұл мереке Қазақстанда 12 мамырда алғашқы рет атап өтілді. Биыл 2026 жылы 10 мамырға келді. Осы орайды бүгін ҚСҚ қоғам мекемесінде қоғам мүшелері мен кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Ана – тіршілік тірегі» атты аналармен кездесу кеші болып өтті. Біздің отбасылық өмірімізде де, қоғамдық өмірімізде де ананың орны ерекше, еңбегі әрдайым жоғары бағаланады,- деді зағиптар қоғамы облыстық басқарма төрайымы Б.Байманова.
