📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Мәдениет – рухани құндылықтар бастауы» кітап көрмесі /21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлері күні/

«Мәдениет – рухани құндылықтар бастауы» кітап көрмесі /21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлері күні/

      Бүгін Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 21 мамыр -  Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, «Мәдениет – рухани құндылықтар бастауы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. «Мәдениет-ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші-зиялы қауым»  Ал мәдениет-кітап оқудан басталады. Өнер мен мәдениет-егіз ұғым.  Көрмеге   кітапхана оқырмандары   қатысты. Кітапханашы Оспанова Д.  оқырмандарға кітап көрмесімен таныстырып, жалпы мәдениет ұғымымен кітапхана, бейнелеу және қол өнері, театр мен кино, сәулет өнері, археологиялық ескерткіштер, өнертану және төл мәдениетіміздің дамуына үлес қосқан тұлғалар: сәулетшілер, суретшілер, әншілер, актерлар, композиторлар, күйшілер, мәдениеттанушылар, өнертанушылар туралы мәлімет берді. Бұл – шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі және әрбір мәдениет қызметкерлері үшін ерекше күн.