«Азаттық аңсаған алдаспан» тарихи сағат. /И.Таймановтың туғанына 235 ж./
Бүгін, Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана филиалының ұйымдастыруымен қазақ халқының азаттығы жолында күрескен ұлт батыры Исатай Таймановтың туғанына 235 жыл толуына орай «Азаттық аңсаған алдаспан» атты тарихи сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Исатай Таймановтың ерлікке толы өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау, тарихи тұлғаның ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегін дәріптеу, жастардың бойына отансүйгіштік пен ұлттық рух қалыптастыру. Тарихи сағат барысында оқырмандарға Исатай Таймановтың өмірі мен қазақ халқының бостандығы үшін жүргізген күресі жайлы кеңінен мәлімет берілді. Батырдың Махамбет Өтемісұлымен бірге халықтың мұң-мұқтажын қорғап, әділдік жолында күрескені туралы тарихи деректер айтылды. Кеш барысында қатысушылар Исатай Тайманов туралы тың деректермен танысып, тарихи сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті. Іс-шарада батырдың ерлігі мен қайсар мінезін дәріптейтін нақыл сөздер оқылып, тарихи тұлғаның ел тарихындағы орны ерекше екені атап өтілді. Жастар батырдың ерлік жолынан тағылым алып, елін, жерін сүюдің маңызын түсінді. Осындай тағылымы мол шаралар өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді. Исатай Таймановтың есімі мен ерлігі халық жадында мәңгі сақталып, кейінгі ұрпаққа үлгі бола бермек.
