«Бір ел-бір кітап» акциясына орай Ә. Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» атты шығармасы бойынша кітап талдау
31.10.2019 жылы Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясына орай Ә. Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» атты шығармасы бойынша кітап талдау болып өтті. Шараға барысында кітапхана оқырмандары мен колледж студенттері өз пікірлерімен бөлісіп, кітапханашы А. Нүрлиева шығарманың желісіне тоқтала отырып өзінің алған әсері туралы бөлісіп өтті. Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Меңдібай Талғат Амангелдіұлы мен белсенді студенттерімен бірге «Аңыздың ақыры» – аңыздың ізімен жазылып, ондағы оқиғаны философиялық-психологиялық астармен өрбіткен жазушы Ә.Кекілбаетың кесек туындысы деп қысқаша роман туралы оқырмандарға әрбір кейіпкерге мінездеме беріп өтті. Кітапханашы А.Бекенова шығарманың негізгі меңзеген тақырыптарына тоқталып оқырмандарды жыл кітабын міндетті түрде оқу керектігін айтты. Шара барысында аталған оқу-орнымен тығыз байланыста болуға ұсыныс тастады. Мәдени шара өте әсерлі өтті.