📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Невада-Семей» қозғалысының негізін салушы Олжас Сүлейменовтің 90 жасқа толуына орай тұлға сағаты

«Невада-Семей» қозғалысының негізін салушы Олжас Сүлейменовтің 90 жасқа толуына орай тұлға сағаты

Бүгін, Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана филиалының ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, қазақ ақыны, жазушы, лингвист-ғалым, халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының негізін салушы Олжас Сүлейменовтің 90 жасқа толуына орай тұлға сағаты болып өтті. Шара барысында кітапхана оқырмандары ақынның өлеңдерін оқып, шығармаларынан үзінді орындады. Кітапханашы А.Нүрлиева Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы, әлемдік және мемлекеттік деңгейде атқарған істері туралы мағлұматтармен таныстырды. Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылып ақынның шығармаларына шолу жасалынды.