📍 Қызылорда обл., Қызылорда қ., Жургенова к-сі, 64а ☎️ +7 (7242) 23‒37‒08 ✉️ bnsg_kizilorda@vmail.kz
Q&A
» » «Бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты ел» мерекелік шара. /15 мамыр Халықаралық отбасы күні/

«Бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты ел» мерекелік шара. /15 мамыр Халықаралық отбасы күні/

Бүгін арнаулы кітапхананың ұйымдастырумен 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай «Бақытты бала-бақытты отбасы-бақытты ел» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара жас оқырмандар арасында отбасылық спорттық сайыс түрінде өткізілді. Сайысқа 4 отбасы қатысты.

Сайыстың мақсаты: қатысушыларды отбасылық құндылықты дәріптеуге, салауатты өмір салтына бейімдеу болып табылады. Сайыс бірнеше кезеңнен өтті. Сайыс нәтижесі бойынша: 1-орын «Шаңырақ»тобы, 2-орын «Алан» тобы, 3-орынды «Самға» тобы мен «Шабыт тобы» бөлісті. Жеңіс тұғырынан көрінген командалар Алғыс хаттармен марапатталды.